28 наурыз 2019 16:58

Назарбаев Алматыдағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы резиденциясында бірнеше кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен болған кездесуде өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды. Облыс орталығы Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына ерекше назар аударылды.  

«Қазақстан Халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павловпен өткен кездесуде тараптар еліміздің банк секторындағы қазіргі ахуалды және осы саланы одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның қаржы нарығының өзекті мәселелерін талқылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Орталық Азия Электр энергетикасы корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебановпен кездесу барысында электр-жылу энергиясын өндіру нарығын дамытудың және еліміздің өңірлерін энергиямен жабдықтау ісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне баса мән берді. Тараптар, сондай-ақ, энергиямен жабдықтау саласындағы тариф саясатын іске асырудың қазіргі үдерісін талқылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети