ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 қараша 2016 15:50
Назарбаев Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қазақстан пен Қырғызстан президенттері алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу