25 желтоқсан 2014 15:54

Назарбаев әр аймақтың жұмысын кабинетінде отырып бақылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан бөлінетін қаржыны мүлтіксіз қадағалап отыру керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент мұндай мәлімдемені Астанада өткен жалпыұлттық телекөпір барысында жасады.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан бөлінетін қаржыны мүлтіксіз қадағалап отыру керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент мұндай мәлімдемені Астанада өткен жалпыұлттық телекөпір барысында жасады.

"Кез келген жауапты адамның жұмыс күні - ол министрдің болсын, вице-президент, аймақ әкімі, компания басшысы, мердігер компанияныкі болса да - ең алдымен құрылыс жұмыстарын тексеруден басталуы керек, қаржы қалай жұмсалып жатыр, әрбір тиын пайдаға жұмсалды ма жоқ қалтаға кетті ме. Мен құрған комиссия күнде тексеріс жүргізуі керек және қаржы полициясы, прокуратура, Ұлттық қауіпсіз комитеті барлығы сол жерде жұмыс істесін. Ұлттық қордан бөлінген әрбір тиын жұмысқа жұмсалсын. Оған қол сұққандар ұсталып, қатаң жазалансын. Инфрақұрылым жобаларына қатысты барлық кеңес жылы кабинеттерде емес құрылыс алаңдарында өтсін", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, ол өз кабинеті мен Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің кабинетіне барлық өңірдегі жағдайды бақылап отыратын экран орнатуды ұсынды. "Заманауи технологияға жүгініп өз кабинетіме экран орнатуға тырысамын, кнопканы басамын да, қай өңірде жұмыс қалай және қай кезде жүріп жатқанын көріп отырамын. Премьер-министр де солай істеуі керек. Тек осылай ғана нәтиже болады. Біз әрбір қазақстандықтың амандығы үшін, Отанымыздың дамуы үшін аса маңызды мемлекеттік іске жұмылып кірісуіміз керек. Бұл - қиын әрі қызық жұмыс", - деді Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети