Назарбаев Астана әкіміне: Енді Астанада жүзіп жүрмейтін шығармыз?

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев Астана ?аласыны? ?кімі ?сет Исекешевпен кездесу ?ткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Әсет Исекешев Мемлекет басшысына ағымдағы жылғы 9 ай ішінде астананың әлеуметтік-экономикалық саладағы даму қорытындылары, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауға және "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

"Таза су Есілге құйылып жатыр. Талдыкөл, Нұрсұлтан Әбішұлы, 60 миллион шаршы метр 15 миллионға дейін қысқарды. (...) Төрт миллион тонна лай шығарылды. Нөсер канализациясы, сіздің тапсырмаңыз, солтүстік жағалау және EXPO, биыл толықтай аяқтаймыз", - деп баяндады Астана әкімі. 

Реклама
Реклама

"Енді жүзбейміз бе?", - деп сұрады Әсет Исекешевтен Нұрсұлтан Назарбаев. 

"Жүзбейміз, солтүстік жағалауда жүзбейміз. Оң жағалауда әлі де бірнеше жобаны жүзеге асыруымыз керек", - деп жауап қатты Астана әкімі. 

Атап айтқанда, қала әкімі Қазақстан Президентіне әлеуметтік маңызды объектілер мен басқа да ғимараттардың құрылысы мен оларды пайдалануға беруге дайындық кезеңдері туралы ақпарат берді. Нұрсұлтан Назарбаев негізгі объектілерді пайдалануға берудің белгіленген мерзімін сақтау қажеттілігін, сондай-ақ құрылыс сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындылары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.   

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама