ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 сәуір 2018 16:39
Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларының болашағы жайлы айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларының болашағы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2050 жылға дейін Алматыда 2,5 миллион адам тұруы тиіс, Астанада - 2 миллион", - деді Мемлекет басшысы Астананың одан әрі дамуы тақырыбына арналған кеңесте.
"Шымкентте - 1,5 миллион тұрғынға дейін жетуі тиіс", - деді Назарбаев.
Президент әр қаланың өз стратегиялық даму жоспары болуы керектін айтты.
Қазақстан халқының саны 2018 жылы 1 қаңтарда 18 миллион 157,1 мың адамға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда 231,2 мың (1,3 пайызға) адамға көбейген.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу