Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды

© Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Астана ?аласыны? 20 жылды?ын мерекелеуді дайындау ж?не ?ткізу ма?сатында комиссия ??руды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында комиссия құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекет басшысының өкімінде хабарланды. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу барысында "Ел жүрегі - Астана" концепциясын бекіту және комиссия туралы ереже мен комиссия құруды тапсырды. 

 

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.  Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін", - делінген хабарламада. .

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news21
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама