Назарбаев Астанада газ тарту мерзімін белгіледі

© Тұрар Қазанғапов

Орталы? ж?не солт?стік ?аза?станда газ тарту ж?мыстарын бір - бір жарым жылда жасау керек. Б?л туралы ?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық және солтүстік Қазақстанда газ тарту жұмыстарын бір - бір жарым жылда жасау керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін артты, әрі қарай да өсе түседі. Қазір еліміздегі тұрғындардың 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген. 9 облысқа газ тартылған. Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр", - деді Мемлекет басшысы. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қараөзек (Қызылорда облысы) - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана бағытында магистральді газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруды тапсырды. 

Реклама
Реклама

"Оған тиісінше қаражат тарту қажет болады, соның ішінде халықаралық қаржы институттарынан да. Бұл 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, экология жақсарады. Газға көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 6 есеге немесе жылына 35 мың тоннаға азайтады. Бұл жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін, 5 наурызда Астанада Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысы өтті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама