Назарбаев Астанада Пан Ги Мунмен кездеседі

Назарбаев Астанада Пан Ги Мунмен кездеседі © Regnum.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Съезд жұмыстары барысында бірқатар кездесу өткізеді.

9 маусымда Қазақстан Президенті Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

10-11 маусымда Мемлекет басшысы "Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы" деген тақырыппен өтетін Съездің жұмысына қатысады.

Жарнама
Жарнама

Съезд аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесуі жоспарланған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама