18 наурыз 2019 | 20:47

Назарбаев Астанадағы ҚМДБ жаңа ғимаратында болды

akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Алматы ауданындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысымен және алдағы жоспарымен танысты, сондай-ақ қызметкерлермен әңгімелесті.

Реклама
Реклама

"Сіздердің жұмыстарыңыз үшін барлық жағдай жасалды. Біз сіздермен бірге халықтың игілігі үшін еңбек етеміз. Егер мемлекетте бірлік пен келісім болмаса, ондай елдің болашағы жоқ", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, Діни басқарманың жұмысына табыс тіледі.

Айта кетейік, "Нұрлы Астана" корпоративтік қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа ғимаратының құрылысын 2015 жылдың қазан айында бастап, 2018 жылғы желтоқсанда аяқтады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram