Назарбаев Астраханьда өтетін Каспий саммитіне қатысады

Назарбаев Астраханьда өтетін Каспий саммитіне қатысады ©Тengrinews.kz

29 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астраханьда өтетін Каспий жағалауы мемлекеттерінің төртінші саммитіне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Астраханьда (Ресей Федерациясы) өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының төртінші саммитіне қатысуы жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Іс-шараға, сондай-ақ, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран президенті Хасан Рухани, Ресей президенті Владимир Путин және Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов та қатысады.

Жарнама
Жарнама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама