Назарбаев Атамқұловпен кездесті

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев ?ор?аныс ж?не аэро?арыш ?нерк?сібі министрі Бейбіт Атам??ловты ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентіне министрлік тарапынан атқарылған ұйымдастырушылық іс-шаралардың нәтижелері және V халықаралық "KADEX-2018" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Атамқұловтың мәліметіне сәйкес, "KADEX-2018" халықаралық көрмесіне 48 елдің ресми делегациясы келеді. Көрмеде әлемнің 28 елінен 318 компания өз экспозициясын таныстыратын болады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Елбасыға қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news7
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама