Назарбаев Атамқұловқа тапсырма берді

Елбасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздің сыртқы саясатын одан әрі экономикаландыра түсу жөніндегі жұмыс жоспары мен министрлік алдында тұрған міндеттердің орындалуы туралы мәлімет ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы саясатын экономикаландырудың және сыртқы саяси бағытымызды әрі қарай тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Реклама
Реклама

"Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді де ұмытпауымыз керек. Сыртқы істер министрлігінің міндеті – еліміздің сыртқы саясатын және бейбітшілік пен тату көршілік саясатын белсенді жүргізу. Бастаған ісіміздің бәрін одан әрі жалғастыру қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысына инвестициялық жобаларды ілгерілету жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелері мен министрліктің орталық аппаратының қызметін қайта түзу мәселелері жөнінде мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Қазақстанның дипломатиялық миссияларын сыртқы саясатты экономикаландыру жөніндегі жаңа міндеттерге сәйкес жұмыстарға бейімдеу үшін қабылданған шаралар туралы баяндады, сондай-ақ ел экспортының бағыттарын қайта қарастыру үдерісі жөнінде айтты.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама