Назарбаев Ахметжан Есімовті қабылдады

© akorda.kz

Н?рс?лтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017"?К" А? басшысы Ахметжан Есімовті ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және биыл жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Қазан айында павильондар - халықаралық қатысушыларға, ал тұрғын-үйлер делегация мүшелеріне берілетін болады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Есімов 103 ел мен 17 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатынын растағанын айтты. Секциялардың 98 комиссары тағайындалды. Халықаралық ұйымдармен қоса, 82 ел көрмеге қатысатыны туралы келісімшартқа қол қойды. 61 мемлекет Ұлттық күнін өткізу үшін нақты датаны брондады.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентіне валюта нарығындағы ахуал қалыпты екенін мәлімдеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама