11 қараша 2020 | 16:22

Назарбаев әзербайжан-армян соғысы неден басталғанын еске алды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы әзербайжан-армян қақтығысы қалай басталып, соғысқа айналғанын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы әзербайжан-армян қақтығысы қалай басталып, соғысқа айналғанын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1990 жылы әзербайжан-армян қақтығысы қалай басталғаны жақсы есімде. Кішкентай ауылда әзербайжандықтар мен армяндар төбелесті. (...) Осыдан басталды, мына жақтан жақтаушылар, кейін ана жақтан шықты. Жоқ, кінәліні жазалаудың орнына, үлкен соғысқа айналды", - деді  Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы отырысында.

Реклама
Реклама

Ол қақтығыстың 30 жылдан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті.

"Қанша адам қаза тапты, қанша қан төгілді. Ал қазір, қараңыздаршы, қандай қантөгіс соғыс, әділетсіздік, халықаралық шешімге қарамастан бір тарап территориясын (екінші жақтың) жаулап жатыр. (...) Қанша отбасы туысынан айырылды, қанша бала әкесіз қалды. Қанша әйел күйеуінен айырылды. Бұл өмір бойы жара болып қалады. Ал сол соған лайық па еді? Сондықтан мұндай заттарға мұқият болуымыз керек, достар. Достық, келісім - мантра сияқты, бос сөз емес. Оның артында тыныштық, өмір және біздің қоғамның дамуы тұр", - деп қосты Елбасы.

Еске салайық, Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты 10 қарашаға қараған түнде сағат бірде тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын айтқан болатын.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Таулы Қарабақтағы әскери қимылдың тоқтатылуына байланысты халыққа үндеу жасады. Әлиевтің айтуынша, Армения соғысты тоқтату туралы құжатқа қол қойып, берілгенін мойындаған.

Кеше Ереван орталығында мыңдаған адам жиналды. Олар Таулы Қарабақтағы бейбіт келісімге келу мен Әзербайжанға территорияны беру туралы мәлімдемеге наразы болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная