Назарбаев Әзірбайжан президентімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев. ©prezident.az

Астраханьда аяқталған IV Каспий саммиті аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары Каспий маңы мемлекеттерінің төртінші саммитінің қорытындылары туралы сөз қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Әлиев, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін, соның ішінде, сауда-экономикалық, отын-энергетика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың болашағын талқылады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама