ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мамыр 2021 | 16:37
Назарбаев азық-түлік тапшылығы туралы айтты
ЕАЭО-ның құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ЕАЭО-ның құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік тапшылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осы кезеңде келесі бағыттарға ерекше назар аудару керек. Біріншісі - әлеуметтік инфрақұрылым. Таяу жылдары дәрі-дәрмек, медициналық бұйым нарығын құру саласын барынша ілгері жылжыту қажет. Екіншісі - азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіптік саясат", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.
Тұңғыш Президенттің айтуынша, азық-түлік тапшылығын болдырмау және бүкіл кеңістікте бизнесті дамыту үшін жағдай жасау маңызды.
"Сарапшылардың айтуынша, сол жылдары банктер 10 триллион доллар инфляция құйған. Бұл пандемияға дейін әлемдегі ЖІӨ-нің 12 пайызы. Сондықтан мұның бәрін ескеруіміз керек.
Бірлестік аумағындағы елдерде бүкіл тұрғынды қамтамасыз ету үшін жағдай бар. Мен азық-түлік туралы айтып отырмын. Тек дұрыс жоспарлау, дұрыс ынтымақтастық және дұрыс байланыс жасау және қамтамасыз ету қажет. Азық-түлік тапшылығын жақын арада сезінеміз", - деді ЕАЭО құрметті төрағасы.
Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы байланыстың маңыздылығын да айтты.
"Еуропалық және азиялық нарық арасындағы сауда көпірін іске асыру. Шанхай ұйымын қосу. Қазір бүкіл әлем "жасыл" экономикамен айналысады. Жел және күн электр станцияларын құру жөнінде тәжірибе алмасуымыз қажет. Қаражатымызды біріктіру қажет.
Өзара кедергілерді жою, алған міндеттемелерді орындау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Одақтың әлеуеті зор, оның тартымдылығы сауда келісімдерін жасасу үшін басқа мемлекеттер мүддесімен расталатынына сенімдімін. Сенімді серіктестермен және одақтастармен кооперация жасау арқылы ғана елдердегі сауда-экономикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге болады. Пандемия жағдайын сезіндік, көрдік. Ресей ғылымы мен медицинасы көпшілігімізді тиісті препараттармен қамтамасыз ете алатынын көрсетті", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сауда белсенділігінің қалпына келуіне қарай ЕАЭО ішіндегі сауданың дамуына кедергі келтіретін тосқауылдар жойылмайтынына алаңдаушылық білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также