Назарбаев "Байқоңырдың" экологиялық қауіпсіздігі мәселесін көтерді

© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан ?аза?стан мен Ресей арасында ?абылдан?ан "Бай?о?ыр" кешеніндегі одан ?рі ынтыма?тасты? т?жырымдамасыны? іске асырылу барысымен, сондай-а? "Б?йтерек" бірлескен жобасына ?атысты ат?арылып жат?ан ж?мыстармен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған "Байқоңыр" кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ "Бәйтерек" бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ресеймен жасалған уағдаластықтар аясында кешенді дамытудың стратегиялық бағыттары айқындалды. Арнайы құрылған үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз тиісті жұмысты үйлестіруде. Нақты шаралар қабылданып жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.   

Осы орайда Қазақстан Президенті өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Байқоңыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндалды.

"Қаланың болашағы зор. Қажетті инфрақұрылым дамып келеді. Қала газбен қамтамасыз етіліп, тұрғын-үй кешендері мен әлеуметтік нысандар салынатын болады. Сондай-ақ, жергілікті халықты жұмыспен қамту үшін бірлескен кәсіпорындар құру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама