ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 сәуір 2017 13:57
Назарбаев Бакуде Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл қойды
Нұрсұлтан Назарбаев Шахидтер аллеясындағы мәңгілік алау мен Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Қазақстан Президенті Әзербайжанның азаттығы мен аумақтық тұтастығы жолында қаза тапқан батыр перзенттері жерленген Шахидтер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойды", - деді Ақорданың баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қойды.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 2 сәуірде ресми сапармен Әзірбайжанға келген болатын. Назарбаевты Баку халықаралық әуежайында Әзірбайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эйюбов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов пен басқа да ресми тұлғалар күтіп алған еді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу