Назарбаев Бақытжан Әбдірайымды жаңа қызметімен құттықтады

© akorda.kz

Н?рс?лтан Назарбаев ?аза?стан Республикасыны? К?сіпода?тар федерациясыны? т?ра?асы Ба?ытжан ?бдірайымды ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайымды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

"Сіз көптеген қызмет атқардыңыз. Ректор да, министрдің орынбасары да болдыңыз. Құқық қорғау, әділет органдарында, Жоғарғы сотта еңбек еттіңіз. Заң саласындағы біліміңіз бен тәжірибеңіз мол", - деді Қазақстан Президенті.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы кәсіподақтар еңбек қатынастарын реттеуде және еңбеккерлер мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог орнатуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама