Назарбаев бас прокурормен кездесті

Назарбаев бас прокурормен кездесті © Ақорда

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Жақып Асанов Мемлекет басшысына прокуратура органдарының қазіргі және болашақтағы жоспарлары жайлы, сонымен қатар елдегі заңдылық пен тәртіп жағдайы жайлы баяндады. 

Қазақстан Президенті соңғы жылдары қабылданған заңдардың қылмыстық саясаттың гуманизацияға, экономикалық қылмыстардың балама жазасын енгізуге бағытталғанын атап өтті. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Назарбаев прокуратура органдарына қоғам мен мемлекеттің барлық салада азаматтардың құқығын қамтамасыз ету бойынша маңызды тапсырманың қойылып отырғанын, әсіресе халыққа әлеуметтік әсері бар мәселелерді шешу аясындағы міндеттерін айтып өтті. 

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама