05 маусым 2021 | 14:14

Назарбаев белгілі қоғам қайраткері Манура Ахметованың отбасына көңіл айтты

© Павлодар облысы мәслихатының сайтынан

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Манура Ахметованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасы сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Манура Ахметованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасы сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Манура Ахметованың  дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

"Манура Мерғалиқызы өзінің ерекше талабы мен мақсаткерлігі, қарымды қабілеті мен қажырлы еңбегі арқылы кезінде қазақ әйелдері арасынан министрлік лауазымға дейін көтерілген, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған қайраткер тұлға болатын.

Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне, әсіресе әлеуметтік саланың, мәдениет пен өнердің, білім беру мен ағарту ісінің дамуына көп еңбек сіңірді", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Елбасы Манура Ахметованың ғибратты ғұмыры ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге болып қала беретініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная