Назарбаев Берлиндегі терактіге байланысты Меркельге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев Германияны? Федералды? канцлері Ангела Меркельге к??іл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 19 желтоқсандағы террорлық акт салдарынан Берлин қаласында көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 19 желтоқсанда кешкісін ер адам Германия астанасының орталығында өтіп жатқан рождестволық жәрмеңкеге келген адамдардың бір тобын жүк көлігімен қаққан. Соңғы ақпарат бойынша, 12 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алған. Лаңкес ұсталды. Оның Пәкістаннан келген 23 жастағы ер адам екені хабарланды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама