14 мамыр 2017 12:20

Назарбаев Бейжіңде Путинмен және Ердоғанмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастық форумының салтанатты ашылу рәсімі аясында біратар мемлекеттердің көшбасшыларымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастық форумының салтанатты ашылу рәсімі аясында біратар мемлекеттердің көшбасшыларымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді форумның табысты ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

"Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен және Түрік Республикасының Президенті Р.Ердоғанмен әңгімелесіп, таяуда Астанада өткен Сирия жөніндегі келіссөздердің қорытындыларын талқылады. Р.Ердоған Астана процесінің нәтижелеріне тоқтала келе, Сирия мәселелері жөніндегі диалогты Женевада жалғастыру үшін оның маңызды болғанын атап өтті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Беларусь Президенті А.Лукашенкомен және Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеевпен, Пәкістанның және Малайзияның Премьер-Министрлері Н.Шарифпен және Н.Разакпен, Дүниежүзілік экономикалық форумның төрағасы К.Швабпен жүздесті.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы А.Гутеришпен әңгімелесті. Әңгіме барысында ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанада өтетін саммитіне қатысу ниеті бар екенін растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети