Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырды

© akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ең маңызды мәселелердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту. Табысынан ешқандай төлем жасамайтындар бар және тиісінше, олар зейнетақы жүйесімен және әлеуметтік қолдау шараларымен толыққанды қамтылмаған. Осыған байланысты қажетті заңнамалық өзгерістер жасалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды тіркеуді жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізу ұсынылады. Оны төлеу өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, сонымен қатар, зейнетақымен қамсыздандыруға қатысуға мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

Назарбаев бұл өзгерістердің жыл соңына дейін қабылдануы керек екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Бұл міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға өтуге байланысты ерекше өзекті", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама