Назарбаев: Бізде адамды неге міндетті түрде түрмеге қамау керек?

Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев сыбайлас жем?орлы?пен к?рес жайында ?з ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес жайында өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент елімізде сыбайлас жемқорлықпен барынша күресіп жатқанын мәлімдеді. 

"Құқық қорғау органдарының жұмысы үшін барлық жағдай жасалды. Соның ішінде еңбекақылары да көтерілді. Дегенмен қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімі төмен. Осыған байланысты қылмыстық процестің асыра жазалауын төмендету мен оны гуманизациялау бағдарын жалғастыру қажет", - дейді Елбасы. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қақтығыстарды бейбіт шешу керектігі де айтылды. 

"Өздеріңіз батыста 80-90 пайызы бейбіт жолмен, келіссөздермен шешіледі дейсіздер. Неге біз олай емес? Бізде адамды міндетті түрде ұстап, оны түрмеге қамау керек. Бұл мәселені шешуге болса да", - деп наразылығын білдірді Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау және сот органдарына кадрлық құрамына талаптар ары қарай да қатаң болатынын атап өтті. 

"Жұмыстары сондай. Олардың беделі мінсіз болуы керек. Сыбайлас жемқорлықпен батыл күресті жалғастыру қажет", - деп түйді Назарбаев. 

Шынымды айтсам, өте өкінішті - Назарбаев Бишімбаев жайлы

Tengrinews
Автор сұрағы
news11
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама