Назарбаев браконьерлікке қарсы күресті күшейтуге шақырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлікке қарсы күресті күшейтуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Бесінші Каспий саммиті кезінде айтты. 

"Негізгі күш жігерімізді бекіре генофондын сақтап қалуға тырысуымыз қажет. Осы балықтың 90 пайызы бізде. Он жылда он пайызға азайып кетті", - деді Мемлекет басшысы. 

Аулауға тыйым салынғанына қарамастан, заңбұзушылар саны артып келеді. Биоресуртарды заңсыз иеленуге қарсы жұмыстар жөнінде бесжақты құжатқа қол қою қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Реклама
Реклама

Президент бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулайтын адамдар туралы мәліметтермен алмасу керектігін айтты. 

Каспий теңізіндегі браконьерлікке қарсы күрес туралы басқа елдің де президенттері мәлімдеме жасады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама