Назарбаев Брюссельге ұшып келді: Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұсрұлтан Назарбаев 29 наурызда Брюссельге ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Брюссель қаласына келген Мемлекет басшысы 22 наурызда болған  террорлық акт құрбандарына арнап "Мальбек" метро стансасында гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.  

Қазақстан Президенті осы рәсім аясында Брюссель астаналық өңірінің Үкіметі басшысының орынбасары Г.Ванхенгельмен әңгімелесіп, қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Реклама
Реклама

"Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісін айыптайды және бельгия халқының қайғысына ортақтасады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, ал қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының осы қасіреттен тезірек еңсе тіктеуіне тілектестігімді білдіремін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бельгияға сапар аясында сондай-ақ Қазақстан Президентінің Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен және Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесуі жоспарланып отыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама