Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті

Пан Ги Мун. ©РИА Новости

Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Баспасөз хабарламасында телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ Бас хатшысының кеңсесінің бастамашылық еткені айтылады. Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен болашағын талқылады.

"Мемлекет басшысы Ұйымның бейбітшілік пен қауіпсіздікті, орнықты дамуды және халықаралық қоғамдастық мүшелері арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі жетекші ролін атап айтты, сондай-ақ еліміздің БҰҰ міндеттері мен мақсаттарына адал екеніне сендірді", - деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінің өкілдері.

Реклама
Реклама

Пан Ги Мун Қазақстанның халықаралық саясаттың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру және шешуге қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама