Назарбаев БҰҰ-ның жаңа бас хатшысын құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев. © РИА Новости

?Р Президенті Н?рс?лтан Антониу Гутерришке Біріккен ?лттар ?йымыны? Бас хатшысы лауазымына сайлануына байланысты ??тты?тау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Антониу Гутерришке Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Жеделхатта дауыс беру нәтижелері ұйымға мүше елдердің Антониу Гутерришке деген зор сенімін көрсеткені атап өтілген.

"Бүгінде біздің алдымызда тұрған елеулі сын-қатерлерді ескерсек, бұл сенім вотумының маңыздылығы ерекше. Терроризм және экстремизмге қарсы күресу, Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның қызметінің басты мәселелері. Бұл бағытта белсенді түрде жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенемін", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Антониу Гутерришке жауапты қызметінде табыс тілеп, еліміздің БҰҰ-мен тиімді өзара іс-қимылы одан әрі жалғаса беретініне сенім білдірді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама