Назарбаев Чехия Парламенті депутаттар Палатасының төрағасымен кездесті

Назарбаев Чехия Парламенті депутаттар Палатасының төрағасымен кездесті © Akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Чехия Парламенті депутаттар Палатасыны? т?ра?асы Ян Гамачекпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орданы? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Парламенті депутаттар Палатасының төрағасы Ян Гамачекпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы парламентаралық кооперациясының маңыздылығын атап өтіп, екі елдің экономика және саясат саласындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытуға Қазақстанның әзір екенін жеткізді.

Реклама
Реклама

"Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Чех Республикасымен арамызда әуел бастан-ақ достық қарым-қатынас орнады. Чех Республикасының Президенті М.Земан бізде қонақ болды. Енді оның "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылуына келуін күтеміз", - деді Қазақстан Президенті.

Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы 25 жыл ішінде қуатты да тұрақты мемлекет құрған Қазақстан халқы тарихының бірегей сипатына тоқталып өтті.

Соңында Я.Гамачек Нұрсұлтан Назарбаевты тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, жас мемлекетіміздің одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама