Назарбаев даңқты балуан Әбілсейіт Айқановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

© nur.kz

Елбасы даңқты балуан, еркін күрестің майталманы Әбілсейіт Айқановтың қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы аты аңызға айналған балуан Ә.Айқановтың Қазақстан халқының мақтанышы болғанын атай отырып, көңіл айтты.

"Ол бұрынғы Кеңес Одағының ауқымында ғана емес, көптеген халықаралық жарыстарда жеңімпаз атану арқылы зор жетістіктерге қол жеткізген аса үлкен дарын иесі еді. Ә.Айқанов өз жеңістері арқылы халқымыздың рухын көтеріп, жастардың спорттың осы түрімен айналысуына ықпал етті. Көптеген жас оған еліктеп саламатты өмір салтын ұстануға, қажырлы, қайратты болып өсуге талпынды. Білікті бапкер ретінде де көптеген даңқты спортшыларды тәрбиелеп, өсірді. Спорттағы жетістіктері үшін құрметті атақтар мен марапаттарға ие болды", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Әбілсейіт Айқановтың есімі мен еңбегін қазақстандықтар ұмытпайтынын атап өтті. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама