Назарбаев Дәурен Абаевты қабылдады

© Akorda.kz

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев а?парат ж?не коммуникациялар министрі Д?урен Абаевты ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу барысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті жаһандық бәсекелестіктің артуы жағдайында экономиканы ауқымды түрде цифрландырудың өзектілігін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бүгінде бұл мәселе алдыңғы орынға шықты. Бүкіл әлем осы бағытқа қарай жылжуда. Біз де қалмауға тиіспіз. Бұл - аса күрделі міндет. Барлық ведомстволар, министрліктер және өңірлер үйлесімді жұмыс жүргізуі керек", - деді Елбасы.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Мемлекет басшысына жаңа бағдарламада көзделген төрт басым бағыт жөнінде айтты.

"Біз қазір бағдарлама жобасын барлық мүдделі тараппен бірге талқыладық. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы арқылы негізгі 4 жұмыс бағыты қарастырылады. Олар: инфрақұрылымды дамыту, адам капиталын жақсарту, экономика салаларын цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру", - деді Абаев.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама