Назарбаев ЕАЭО-ның Иранмен, ҚХР-мен және Үндістанмен әріптестігін белсенді етуге шақырды

© akorda.kz

?аза?стан президенті Н?рс?лтан Назарбаев Еуразиялы? экономикалы? ода?ты? Иран, ?ытай, Сербия ж?не ?зге де елдермен ынтыма?тасу м?селесін белсенді етуге ша?ырды, - деп хабарлайды РИА Новости

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың Иран, Қытай, Сербия және өзге де елдермен ынтымақтасу мәселесін белсенді етуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Сауда нарығын кеңейту мен инвестицияны арттыру үшін жаңа серіктестермен жаңа сауда-экономикалық келісімшарттар дайындау керек. Иран, Қытай, Үндістан, Сингапур, Сербия, Израиль және ынта білдірген өзге де елдермен ынтымақтасу мәселесін жеделдету керек", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың жоғары отырысында.

Бұл отырыста одақтағы бес елдің де басшылары қатысып отыр: РФ президенті Владимир Путин, Беларусь - Александр Лукашенко, Қазақстан - Нұрсұлтан Назарбаев, Армения - Серж Саргсян, Қырғызстан - Алмазбек Атамбаев. Сонымен қатар, жиынға Молдавия президенті Игорь Додон да қатысып отыр.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ - 2015 жылдың 1 қаңтарында Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік негізінде құрылған халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама