ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2020 | 17:32
Назарбаев екі медициналық орталық салуға қаржы бөлуді тапсырды
Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Elbasy.kz сайтындағы мәлімет бойынша, кездесу барысында Назарбаев бүгінгі экономикалық дағдарыс қордың барлық компаниясына әсер еткенін айтты.
Ахметжан Есімовтің ақпаратына сәйкес, қордың компаниялар тобы қызметкерлерді қысқартуға жол бермеді, барлық кәсіпорын жұмысын жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы отандық денсаулық сақтау жүйесін қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
"Қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде "Самұрық-Қазына" қорының ішкі резервінен ірі мегаполистерде - Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырамын. Бұл медициналық орталықтар ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға арналады. Бұл қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарын қауіп-қатерден қорғауға мүмкіндік береді. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты және қазақстандықтарды барлық қажетті қауіпсіздік шарасын қатаң сақтауға шақырды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также