05 қараша 2019 | 18:01

Назарбаев: Еліміздің оңтүстігінде тағы бір әдемі шаһар бой көтеріп келеді

© elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы жаңа "Алатау медиаорталығында" болып қайтты, - деп хабарлайды Elbasy.kz сайты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы жаңа "Алатау медиаорталығында" болып қайтты, - деп хабарлайды Elbasy.kz сайты. 

Сапар барысында Елбасы өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған жұмыс бөлмелерін аралап қайтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаладағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны жоғары екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Шымкент миллион тұрғыны бар қалаға айналды. Осыған орай біз жеке Түркістан облысын құрдық. Бұл көптен бері ойымда жүрген еді. Осылайша біз үлкен құрылыс бастадық. Мұның бәрі астанамыздың құрылысын еске түсіреді. Енді еліміздің оңтүстігінде тағы бір әдемі шаһар бой көтеріп келеді. Осының барлығы ел игілігі үшін жасалып жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Тұңғыш Президент музыка мектебінде болып қайтты. Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі мәдениет саласын дамытуға арналған бірқатар шарамен таныс болды. Балалар творчестволық ұжымы Елбасыға бірнеше музыкалық номер қойды. 

Еске салайық, Елбасы Түркістанға 4 қарашада келді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның рухани астанасында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, паркке және Арбатқа барып қайтты. Сонымен қатар, Елбасыға "Күлтөбе қалалары" археологиялық парк құрылысының жобасы таныстырылды. 

Сондай-ақ Тұңғыш Президент Неке қию сарайына барып, түркістандық жастармен кездесіп қайтты. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная