Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық және толағай табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Тараптар Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Жарнама
Жарнама

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама