Назарбаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

© Akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Республикалы? бюджетті? орындалуын ба?ылау ж?ніндегі есеп комитетіні? т?ра?асы ?озы-К?рпеш Жа?быршинді ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Есеп комитетінің 2016 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады.

Бұдан бөлек, Есеп комитет төрағасы Қазақстан Президентін "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" заңның іске асырылуы жолында қабылданып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті.

Реклама
Реклама

Сонымен бірге, Қозы-Көрпеш Жаңбыршин Есеп комитетіндегі және мемлекеттік аудит нысандарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралары жөнінде мәлімдеді.

Соңында Есеп комитетінің төрағасы Мемлекеттік аудитор біліктілігін алудан үміткерлерді сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 2016 жылғы атқарған жұмысы туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама