Назарбаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті

© Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Еуропа ?айта ??ру ж?не даму банкіні? президенті Сума Чакрабартимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы басталар алдында өтті. Келіссөз барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың одан арғы перспективасын және бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады.

Мемлекет басшысы бүгінде Банк тарапынан Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға, шағын және орта бизнес саласына ауқымды инвестиция салынғанын, сондай-ақ экономикалық өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Реклама
Реклама

Чакрабарти Нұрсұлтан Назарбаевқа жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты.

"Сіздер Астана экономикалық форумын өткіздіңіздер. Бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесі өтуде. Таяуда ЭКСПО көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройын айтарлықтай арттырады және елдеріңіздің әлеуетін толық танытады", - деді Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті.

Сонымен қатар, тараптар кеңейтілген әріптестік туралы келісім аясындағы ынтымақтастықтың барысы жөнінде пікір алмасты. Келісім нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 1,1 миллиард АҚШ долларына жетті.

Кездесу соңында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан Президентін "Болашақтың энергиясы" макеті туралы бейнематериалмен таныстырды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама