Назарбаев "Евгений Онегин" операсына барды

Назарбаев "Евгений Онегин" операсына барды © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Евгений Онегин" операсына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Евгений Онегин" операсына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті "Астана опера" театрының бас дирижері А.Бөрібаев пен италиялық қоюшы режиссер Д.Ливермор қойған П.И.Чайковскийдің "Евгений Онегин" операсының премьерасын көрді.

Спектакльдің басты партияларын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының опера әртістері А.Исаев, Т.Мұсабаев, Г.Чеплакова, А.Ниязова, М.Шотабаев, Ж.Тапин, Д.Хамзина, Т.Вицинская және басқалары орындады.

Жарнама
Жарнама

Қойылымды тамашалау барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Үлкен театрының бас директоры В.Уринмен әңгімелесті.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама