Назарбаев ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады

©Akorda.kz

Елбасы ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Кездесуге Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев та қатысты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстан Президентіне Айдын Айымбетовтің штаттық режім бойынша Халықаралық ғарыш станциясына ұшуға дайындығының барысы жөнінде хабарланды.

Реклама
Реклама

Айдын Айымбетов өзінің барлық қажетті тесттер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама