Назарбаев "Гюнешли" кенішінде болған өртке байланысты Әзірбайжан президентіне көңіл айтты

© Тұрар Қазанғапов

Елбасы Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевке "Гюнешли" кенішінде болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Нұрсұлтан Назарбаев жеделхатта көптеген адамның зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 

Айта кетейік, платформадағы өрт жұма күні кешке тұтанды. Алдын ала мәлімет бойынша, газ құбырының желдің қатты соғуынан зақымдануы апатқа себеп болған. Салдарынан 23 ұңғыманың жұмысы тоқтатылды. Соңғы мәліметтер бойынша, бір адам қаза тауып, 30 адам із-түссіз жоғалып кетті, ал 32-сі құтқарылды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама