Назарбаев Головкинге: Бұл Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый

Сурет: akorda.kz мұрағатынан

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

"Осы жеңіс арқылы сен өз дивизионыңда 21-ші рет әлем чемпионы атанып, қазақстандық және әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың. Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды деп ойлаймын.

Біз сенің спорттағы жарқын жетістіктеріңді, мықты рухыңды және жеңіске деген жігеріңді мақтан етеміз. Сенің жеңімпаз ретінде өз жолыңды жалғастыратыныңа сенімдімін және сенің жетістіктеріңе әлі талай сүйсінетін боламыз", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама