ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2019 | 20:57
Назарбаев: Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет
Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елбасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті агенттіктің тиімділігін арттыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығын атап өтті.
"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені жетілдіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Алайда, шет елдердің тәжірибесін зерттеуді жалғастырып, қылмыстың осы түрімен күресудің озық тәжірибелерін енгізуіміз керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне қатысуы қажеттігіне назар аударды.
"Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі қажет. Заң бұзылған жағдайда азаматтар уақтылы хабарлауға тиіс, ал мемлекет белсенді азаматтарды қолдауы керек", - деді Елбасы.
Кездесу барысында Алик Шпекбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа орталық мемлекеттік органдармен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп "Адалдық алаңы" жобасын іске асыру барысы туралы баяндады.
Показать комментарии
Читайте также