17 сәуір 2017 18:56

Назарбаев Халықаралық Түркі академиясының президентін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде Елбасыға Түркі академиясының қызметі және Қазақстан Президентінің тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп берілді.  

Дархан Қыдырәлі Нұлсұлтан Назарбаевқа "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласына қатысты Академия жұмысының перспективалары, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген халықаралық симпозиум мен "Ұлы дала" гуманитарлық форумының нәтижелері туралы баяндады.

Дархан Қыдырәлінің мәліметі бойынша, Халықаралық Түркі академиясы Моңғолия аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оның барысында көне түркі заманының жаңа жәдігерліктері табылған.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Академия жұмысын жоғары бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети