27 тамыз 2019 10:36

Назарбаев халықтан бір ғана нәрсені сұрады - Ертісбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермұхамет Ертісбаев. Ермұхамет Ертісбаев.

Соңғы жылдары елшілік қызметтерде болған Ермұхамет Ертісбаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздік алғандағы саясатын еске алды. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.


Соңғы жылдары елшілік қызметтерде болған Ермұхамет Ертісбаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздік алғандағы саясатын еске алды. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Ертісбаев Желіде Назарбаевқа айтылатын сынға қатысты ойын білдіре отырып, Елбасы қалаған саясатқа тіл тигізуге немесе оны даттауға болмайтынын айтты.

"Бізде Конституция бойынша Президенттің ар-намысына тіл тигізуге болмайтынын ұмытып кеткен. Сіздер оның әлеуметтік-экономикалық саясатын сынап, ішкі және сыртқы саясатымен келіспеулеріңіз мүмкін, бірақ Президентке тіл тигізуге, ол жайлы жағымсыз пікірлер айтуға жол берілмейді. (...) Назарбаев заманауи мемлекеттік құрды. Қазақстанда бизнес ашу үшін барлық жағдай жасалды. Бұл айқын дүние. Назарбаев халықтан бір ғана нәрсені сұрады - жұмыс істеңіздер! Білімі және ақылы барлар өз өмірлерін өздері өзгертті", - деді Ертісбаев сұхбатында.

Бұдан бөлек, ол сұхбатында дипломатиялық қызметі жайлы әңгімелеп, енді немен айналысатынын айтып өтті. Сондай-ақ, бұрынғы дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, таяуда тағайындалған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа қатысты ойын білдірді.

Еске салайық, 12 тамызда Ермұхамет Ертісбаевтың Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Ертісбаевтың орнына бұл қызметке Асқар Бейсенбаев келді.

Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев 1956 жылы 19 қарашада дүниеге келген. 

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген. Еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. Бірнеше монография мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақаланың авторы.

"Пора вернуть название Алма-Ата?" Ермухамет Ертысбаев возвращается в Казахстан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети