Назарбаев Иорданиямен келісімді ратификациялады

Назарбаев Иорданиямен келісімді ратификациялады © Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Иордания үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Иордания үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама