Назарбаев Иран президентіне көңіл айтты

© Тұрар Қазанғапов

Н?рс?лтан Назарбаев Иран Ислам Республикасыны? Президенті Хасан Руханиге Тегеран ?аласында бол?ан террорлы? актілерге байланысты к??іл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге Тегеран қаласында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Тегеран қаласындағы ел парламентінің ғимараты мен имам Хомейни кесенесі аумағындағы террорлық актілер салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Елбасы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.   

Реклама
Реклама

"Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіріп отырған халықаралық терроризм мен экстремизмнің кез-келген түрін қатаң айыптаймыз.

Елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Қазақстан Иранмен ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін", - делінген жеделхатта. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама