Назарбаев Ислам Каримовтің рухына тағзым ету үшін Самарқандқа келді

Назарбаев Ислам Каримовтің рухына тағзым ету үшін Самарқандқа келді © advantour.com

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Самарқандқа Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Каримовтің рухына тағзым ету үшін келді. Сапар аясында Ислам Каримовтің бейітіне гүл шоғын қойып, оның отбасымен жүздесу жоспарланған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен кездеседі.

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама