Назарбаев Испания короліне Барселонадағы терактіге байланысты көңіл айтты

Н?рс?лтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипеге Басрелонада бол?ан террорлы? актіге байланысты к??іл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипеге Басрелонада болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды", - делінген жеделхатта.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Испанияда бір тәулікте екі теракт болғаны жайлы хабарланған болатын. Барселонада фургон жаяу жүргінші жолында тұрған бір топ адамды қаққан. 13 адам қаза тауып, жүзден аса адам зардап шеккен. Кейін осындай оқиға каталонияның Камбрильсінде болды, оның салдарынан жеті адам зардап шекті. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның СІМ өкілдері теракт кезінде зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың болған-болмағанын анықтап жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама