Назарбаев Италия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Назарбаев Италия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады © REUTERS

Мемлекет басшысы Италия Республикасының резиденті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын.

Реклама
Реклама

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, осыған дейін Генуеде автомобиль көпірінің қирағанын көрген куәгерлер 22 адамның қаза тапқанын мәлімдеген еді. Тағы сегіз адам жарақат алған, кейбірі ауыр жағдайдан жатыр. Он адам жоғалғандардың қатарында.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама